Дамуымыздың басты кепілі

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров қалалық әкімдігінде құқық қорғау органдарының жетекшілері, депутаттар және еңбек ардагерлерімен кездесті. Аталған шараға қала әкімінің орынбасары Ұлан Сарқұлов пен қалалық мәслихаттың хатшысы Бауыржан Ғайса қатысты.

Кездесуде Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттер төңірегінде пікір алмасылды. Бұл бағытта өңірдегі сот органдары Жоғарғы Соттың төрағасы Қ. Мәмидің «Рухани жаңғыру- мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында өткізген дөңгелек үстел бойынша қабылданған қарарды түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Өскелең ұрпақтың рухани-мәдени білімін арттыру мақсатында кездесулер ұйымдастырылып, билерді, қазақ зиялыларын, мәдениет және өнер қайраткерлерін еске алу кештерін өткізу, мұрағаттар, мұражайлар және кітапханалармен байланыс жасау, сонымен қатар тарихи, танымдық байқаулар өткізу көзделген. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының басты мақсаттарына қол жеткізіп, әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу үшін қазақ тілін өркендетудің маңыздылығы ерекше. Дамуымыздың рухани өзегі ретінде қазақ тілін барлық салада кеңінен пайдалануымыз керек. Облыстық соттың төрағасы атап көрсеткеніндей, өкінішке орай, мемлекеттік құрылымдарда, оның ішінде сотттарда да мемлекеттік тілді қолдану аясы әлі де тарлау. Әңгіме барысында Досжан Әміров сот жүйесіндегі реформалар, алқабилер сотының дамуы, татуластыру рәсімдерін сот отырыстарында дыбыс, бейнетіркеу рәсімдерін қолдану, ақпараттық технологиялар, соның ішінде «Сот кабинеті» сервисін пайдалану, сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтып өтті. Кездесу соңында үздік медиаторлар мен сот саласындағы жаңғыртуларды кеңінен насихаттауда белсенділік танытқан бір топ адам алғыс хаттармен марапатталды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс