Дезинфекциялық көліктер жеткізілді

Көкшетауға «Сарыарқа Авто Пром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен шығарылған дезинфекциялық автокөліктер жеткізілді.

Қостанай қаласында құрастырылған «Шевролет Лабо» көліктері аймақтағы коронавирус індетіне қарсы зарарсыздандыру жұмыстарына пайдаланылмақ. Қозғалтқышы мен қосалқы бөлшектері де Қазақстанда жасалған.
– Жалпы, 10 көлік сатып алу жоспарланған. Қазір оның төртеуі жеткізілді. Тағы алтауын аламыз. Сыйымдылығы 800 текше метр, шағын және ыңғайлы. Көшелер мен тұрғын үйлердің арасын дезинфекциялауға арналған көліктер өте қажет, – дейді «Көкшетау Су арнасы» кәсіпорнының бас директоры Ермек Өмірғалиев.
Жаңа көліктердің техникалық сипаттамасын таныстыру шарасына облыс әкімі Ермек Маржықпаев та қатысты. Өңір басшысы көліктің рөліне өзі отырып көріп, іс жүзінде оның мүмкіндігін байқап көрді. – Бұл машиналар қазіргі күрделі төтенше жағдай режимінде өте қажет. Бізді отандық тауар өндірушілеріміздің осындай өнім шығара алғаны қуантады, – деді Ермек Маржықпаев.
Көлікке жалпы 500 литр дезинфекциялық сұйықтық сиятын сыйымдылық орнатылған. Минутына 40 литр сұйықтықты шашатын көлік бір өткенде 4 метр аумақты қамтиды.
Дезинфекциялауға арналған 10 көліктің алғашқы төртеуі облыс орталығына және қалған алтауы індет ошағы тараған аудандарға жіберіледі. Облыс орталығын дезинфекциялау шаралары 25-ші наурызда басталған. Бұған «Тазалық» коммуналдық кәсіпорнынан бірнеше техника мен жұмысшылар жұмылдырылған.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий