Депутаттар акцияға үн қосты

Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттары «Біз біргеміз!» акциясы аясында төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге белсенді қатысуда. Халық қалаулылары жергілікті жерлерде атқарылып жатқан жұмыстарды үнемі назарда ұстап отыр. Олар блокбекеттердегі тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлерін төтенше жағдай кезінде тегін шай жиынтығымен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады. Жалпы, «Біз біргеміз!» акциясы аясында қалалық мәслихат депутаттары 2 млн. теңгеден астам материалдық көмек көрсетіп, блокбекеттерді ағаш еденмен жабдықтауға жәрдемдесті. Сонымен қатар, депутаттар Щучье кадет корпусының қала дезинфекциясына көмек көрсетуге келген тәрбиеленушілерімен кездесіп, әңгімелесті, оларды орналастыру шарттарымен танысты. Алғыс ретінде кадеттерге тәтті сыйлықтар табыс етті. Осы қиын кезеңді өткеру үшін біз бір-бірімізге жан-жақты көмектесуіміз қажет, дейді қалалық мәслихат депутаттары.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий