Депутаттар мен кәсіпкерлер көмегі

Көкшетаудағы №18 орта мектепте жыл сайын өтетін «Мектепке жол» акциясы биыл да жалғасын табуда. Шараға мектептің ата-аналары, мұғалімдері, оқушылары және демеушілері жан-жақты атсалысуда.

Оқумен қамту мақсатында «Түнгі қаладағы оқушы» атты рейдтер өткізіліп, жанұяның әлеуметтік жағдайын зерттеу актісі толтырылды, аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасыларынан шыққан оқушылардың тізімі құрылып, бекітілді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылар оқулықтармен, кеңсе заттарымен, киім-кешекпен 100 пайыз қамтамасыз етілді. Мектепте 108 әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға демеушілік көмек көрсетілді. Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттары Жұмабай Әміржанов пен Роза Арыстанқызы мектебіміздің 1 сыныпқа баратын 2 оқушысына мектепке қажетті құралдар алу үшін 15000 теңгеден қаржылай көмек көрсетті. «Көкшетау минералды сулары» жау-
апкершілігі шектеулі серіктестігі 6 баланың әрқайсысына 17000 мың теңге көлемінде мектепке қажетті құрал-жабдықтар, сөмкелер, басқа да заттармен қамтуға жәрдемдесті. Сонымен қатар мектеп ұжымы 2 баланы қажетті киім-кешекпен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

   ***

Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларынан шыққан оқушыларға киім-кешек, оқу құрал-жабдықтарын сатып әперіп, материалдық қолдау-көмек көрсетуде «Мектепке жол» акциясының тигізер пайдасы көп.

Он бес оқушы
көмек алды

Мейірімділік шапағатын өзіміз еңбек ететін №2 Красный Яр орта мектебінің тыныс-тіршілігінен айқын көріп отырмыз. Мектеп директоры В.Боргульдің басшылығымен ұйымдастыру комитеті құрылып, акция өткізудің жоспары жасалды. Осыған орай өткізілген іс-шараға белсене қатысып, қол ұшын берген Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Б.Ғайсаға, облыстық мәслихаттың депутаты С.Аяғанов пен «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының жетекшісі С.Максименкоға айтар алғысымыз шексіз. Есімдері аталған ел ағалары мен қаламыздағы жетекші кәсіпорынның қолдауымен 15 оқушыға киім-кешек, оқу құрал-жабдықтары сатып әперілді. Ендігі жерде олар басқа құрбыларымен бірге білім ошағының табалдырығын көтеріңкі көңіл-күймен аттайтын болады.

Жанар МҰҒЖАНОВА,
№3 Красный Яр орта мектебінің
балалықты қорғау инспекторы.

                                                                                                                      ***

Ясминнің қуанышы

«Мектепке жол-2016» акциясы аясында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері №2 орта мектептің 1 сынып оқушысы Ясмин Мейрамқұловаға мектеп, спорттық формасы және қажетті оқу құралдарын сыйға тартты. Осы игі іске ризашылығын білдірген Ясминнің анасы Алмагүл Айтжанова: «Сіздерге ізгі көмектеріңіз үшін шын көңілмен алғыс айтамын. Болашақта қызымыз да қаржы жүйесі кәсібін таңдап, республикамыздың экономикалық мүддесін қорғаушы болады деген ниеттемін», – деп өз лебізін білдірді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс