Депутат сайлаушыларымен кездесті

Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Рүстем Қалышев қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесінің акт залында өз сайлаушыларымен кездесіп, емен-жарқын әңгімелесті. Бағдарламасында айтылған жұмыс жоспары орынымен іске асып жатқандығын жеткізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

IMG_9252Халық қалаулысы өз сөзінде қаланың уақыт өткен сайын өсіп-өркендеп келе жатқанын, жаңа талапқа сай біраз жұмыстар атқарылғанын атап өтті. «Депутат ретінде өз сайлаушыларымды толғандыратын мәселелер менің де басты назарымда.  Абаттандыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды, көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жасалды»,–деді ол өз сөзінде. Бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта шешімін табатын мәселелерге тоқталған депутаттың есепті кездесуінде тұрғындар өз тараптарынан ұсыныстарын жеткізді.

Негізінен көпті толғантқан мәселелер төңірегінде әңгіме қозғаған депутат басты міндет – халықпен бірлесе жұмыс жасау екендігін атап өтті. Ұсыныс, пікірлерді зер сала тыңдаған депутат жиналғандарға ризашылығын білдіріп, ортақ мүдде үшін бірлесе  еңбек етуге шақырды.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий