Депутат қызметі – ел игілігіне

Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Әсия Шәрімова №19 орта мектепте сайлаушыларымен кездесіп, атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп берді.

Кездесу барысында депутат сайлаушыларына аз-кем жасалған жұмыстарды атап өтті. Халық қалаулысы әлеуметтік маңызы бар нысандардың жаңартылуына, жол жөндеу жұмыстарына, тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау жұмыстарына қомақты үлес қосып келеді. Депутат «Мектепке-жол» акциясы аясында №19 мектепте оқитын аз қамтылған отбасы балаларына киім,  оқу құралдарын алып беруге  қаржылай демеушілік көмек көрсеткенін, осы атқарылған жұмыстардың әлі де жалғаса беретіндігін жеткізді.

Халық қалауысы Васильков шағын ауданында аулаларды абаттандыру, спорт алаңдарының жаңғыртылуына ықпал жасады. Тұрғындар халық қалаулысына сайлауалды берген уәдесіне сай  асфальт жол төселуіне тікелей себепші болғандығына алғыс айтып, өз ризашылықтарын білдірді. Кездесу барысында тұрғындар құрылыс жұмыстарынан кейін жолдардың бұзылғандығына алаңдаушылық білдірді. Көшелерді жарықтандыру, газгольдерлер орнату, сумен қамтуға қатысты мәселелер көтерілді. Өз кезегінде депутат бұл мәселелердің қаржыға байланысты кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. Кездесу барысында жергілікті тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс, ой-пікірлерге тұшымды жауап беріліп, сайлаушылар тарапы депутатқа ел игілігі жолындағы алдағы уақыттарда атқаратын жұмыстарына табыс тіледі.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий