Димаш Құдайберген – «Азияның танымал әншісі»

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген China Top music Awards шарасында «Азияның ең танымал әншісі» атанды. Айта кетейік, Top Chinese Music Awards Қытайдағы Грэмми марапаты ретінде танылған. Музыкалық жүлде 2001 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді.

Шанхайда өтіп жатқан шараның марапаттау рәсімінде Димаш Құдайберген «SOS d’un terrien en détresse» әнін шырқады. Бұл әнді қазақстандық әнші I am a Singer байқауының бірінші кезеңінде орындаған болатын. Шараға қатысу үшін әншінің әкесі Қытайға арнайы барған екен. Марапаттау сәтінде Димаш тыңдармандарына қазақ тілінде алғысын былайша айтты: «Ассалаумағалейкүм, құрметті әлеу-
мет! Өте қатты қуаныштымын, қазір. Бұл менің шетелдегі алып тұрған ең алғашқы үлкен сыйлығым. Ең алдымен мен өзімнің ата-анама және де жан досыма көп рақмет айтамын, мені қолдап-демеу болып жүргендеріне. Және де менің бағымды ашқан, әлемге танытып жатқан «Singer» жобасына алғыс айтамын! Мені қолдап жүретін барша тыңдарманыма рақмет айтқым келеді! Бар болыңыздар, аман болыңыздар! Бұл тек бастамасы ғана!».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс