Дина Жоламан – 10 дүркін Қазақстан чемпионы!

Бокстан Шымкентте ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында 54 келіге дейінгі салмақтағы ақтық сында Ақмола облысының бокс-шысы, даңқты жерлесіміз Дина Жоламан мен Алматы облысының өкілі Балауса Мұздиман кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте 2016 жылғы әлем чемпионы, тәжірибелі Дина Жоламан жеңіске жетті. Бұл Динаның ел чемпионатындағы оныншы алтын жүлдесі екенін айта кету керек.
Жалпы, ақмолалық былғары қолғап шеберлері бұл сайыста жеті медаль еншіледі. Күміс жүлдеге Теміртас Жүсіпов, Оразбек Асылқұлов, Ерсұлтан Болат және Карина Ибрагимова ие болды. Қола медальді Валерия Аксенова мен Жансая Балтабекова иеленді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий