«Домалақ ана» спектаклі елордада ұсынылды

Осы жылы көктемде «Домалақ ана» операсы премьерасының рекордтық санын табысты жүзеге асырған Шымкент опера және балет театры «Астана Опера» театрындағы гастролінде спектакльді тамаша орындап шықты. 2 және 3 қыркүйек күндері елордалық көрермендер Шымкент театрының таңдаулы қойылымы мен оның әртістеріне зор қошеметтерін білдірді.

Биылғы жылдың қаңтар айында Шымкент қаласындағы опера және балет театрының директоры болып тағайындалған Майра Мұхамедқызы үшін бұл кездесу елордалық көрермен алдындағы ерекше есеп беруге айналды. Опера дивасы, ұлттық опера өнерінің мақтанышы 5 жыл бойы «Астана Опера» сахнасында жарқырай өнер көрсетті, мұнда ол барлық жетекші репертуарды орындады, ауқымды жеке концерттер берді, бұл жолы көрермендер алдына сан қырлы әрі қызықты Нұрилә партиясында шықты. Әнші ана махаббатының күшін ашып, тыңдармандарға рухани құндылықтардың маңыздылығын жеткізе білді. Оның дауысы сенімді, терең және сөзсіз таза естілді. Театр сүйер қауым Бәйдібек би рөліндегі Жұмабек Қаңтарбаевтың өнерін тамашалап, бағалай алды. Хазірет партиясын Айбек Қанатбек, Марат Оразметов бар дарынын паш етіп сомдады. Марау ханым (бәйбіше) рөлін меццо-сопрано, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина орындады, Зеріп ханымды (бәйбіше) Майгүл Микижанова ұсынды, сондай-ақ спектакльде көптеген басқа тамаша әртістер қатысты. Хор және балет әртістерінің үйлесімді жұмысын ерекше атап өтуге болады. Олар жауынгерлерді, ауыл тұрғындарын, барымташыларды және басқа да кішігірім кейіпкерлерді шынайы ойнады. Михаил Панджавидзе мен Қайрат Құлыншақовтың режиссерлік көрегендігінің арқасында сахна үйлесімділікте жандана түсті. Тарихқа Домалақ ана ретінде енген дана ана туралы операға қоюшылар өте қарапайым, бірақ барлық уақытта тек махаббат қана осы әлемді құтқара алады деген негізгі үндеудің мәнін жасырған. Онда қазақ халқына тән Қасиетті Ана бейнесі терең сипатталған.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий