Дәрігерлер дәріптелді

Қала әкімі Бауыржан Ғайса Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар тапсырды.
Қала басшысы өзінің құттықтау сөзінде денсаулық сақтау саласы көп деңгейлі, бәсекеге қабілетті ортада қарқынды дамып келе жатқандығын, емдеу мекемелерінде әлемдік деңгейде жасалатын оталарды жасау қолға алынғанын, кардиология, онкология, бала мен ана денсаулығын жақсарту, алғашқы медициналық көмек, жедел жәрдем қызметі бағытындағы жұмыстар мен жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету бойынша да өзге елдердің медицинасымен иық тіресе алатындығымызды атап өтті.
Салтанатты шарада көпсалалы облыстық аурухананың урология бөлімшесінің меңгерушісі Абай Қасымов, «Авиценна» емдеу-профилактикалық мекемесінің кардиолог-дәрігері Қарлығаш Жахина,  осы мекеменің медбикелері Марина Якель, Маргарита Енжиевская облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Бұл күні медицина саласының дамуына елеулі
үлес қосқан денсаулық саласының ардагерлері Болат Сүлейменов, Тадеуш Янковский, Серік Кәкеновке ерекше құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, бір топ медицина қызметкерлері қала әкімінің алғыс хатына ие болды.
Салтанатты шара соңы жергілікті өнер ұжымдарының бағдарламалық концертіне ұласты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий