Дәрігерлер дәріптелді

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жиырма дәрігерге қызметтік пәтердің кілтін тапсырды.

Өңір басшысы өзінің құттықтау сөзінде  Ақмола облысы денсаулық сақтау саласы көп деңгейлі, бәсекеге қабілетті ортада қарқынды дамып келе жатқандығын,  емдеу мекемелерінде әлемдік деңгейде жасалатын оталарды жасау қолға алынғанын, кардиология, онкология, бала мен ана денсаулығын жақсарту, алғашқы медициналық көмек, жедел жәрдем қызметі  бағытындағы жұмыстар мен жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету бойынша да өзге елдердің медицинасымен иық тіресе алатындығымызды атап өтті. Бүгінде облыста 1856 дәрігер мен 6 мыңнан астам медициналық қызметкер бар.  Жыл басынан бері бес айдың қорытындысы бойынша өңір денсаулық сақтауда еліміз бо-йынша көш басында тұр.

Салтанатты шарада медицина саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ мамандар «Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Олардың қатарында Қ.Құрманбаев атындағы облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің сарапшы дәрігері Сәуле Солтанбекова, жедел жәрдем стансасының қызметкері Ләйлә Айтжанова, Зеренді аудандық ауруханасының терапия бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Жақыпова, Көкшетау қалалық емханасының бас дәрігері Ғалия Сабатаева, Целиноград аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі Зәмзәгүл Ержановалар бар. Сондай-ақ, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен Бұланды аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ольга Бугай, Сандықтау аудандық ауруханасының анес-тезиолог-реаниматологы Владислав Зиновьев және бірқатар қалалық және аудандық ауруханалардың дәрігерлері марапатталды. Мерекелік кеште 20 дәрігер қызметтік пәтер кілтіне ие болды. Баспаналы болғандар қатарында Ақмола облыстық ауруханасының дәрігерлері Алмат Өктем мен Анастасия Иванова, Көкшетау қалалық ауруханасының дәрігері Әсел Уахитова, облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері Ерлан Әшімов пен Ақмарал Ибраева және тағы басқалары бар. Салтанатты шара соңы «Көкшетау» мәдениет сарайының өнер ұжымдарының бағдарламалық концертіне ұласты.

 «Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий