Егде адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы

Егде адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығының басталуына орай 1 қазанда «Достар» мәдениет сарайында «Өмірдің алтын кездері» деген тақырыпта салтанатты жиын өтті. Кешегі Ұлы Отан соғысында қаһармандықтың үлгісін көрсетіп, күйзелген халық шаруашылығын қайта қалпына келтіруде, тың және тыңайған жерлерді игеруде жарқын еңбектің үлгісін көрсеткен ардагерлер әрқашанда құрметке лайықты.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл өзінің құттықтау сөзінде қариялардың тұрмыс жағдайын жақсарту, басқа да әлеуметтік қамқорлықтар жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Жас ұрпақты отаншылдыққа, ме-йірімділік пен ізеттілікке тәрбиелеуде белсенді қоғамдық қызмет атқарғаны үшін Бибігүл Жандаева, Бағила Қасенов, Лидия Викторова, Николай Лихолад, Алтай Нұрғасымов, Александр Редванецкий, Лариса Аитова, Кенжеғали Нұрсейітов, Қайниза Қайретденова, Валентина Соломина облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Ал, Баян Байлина, Тыныштық Ахметова, Сайлау Көшкенұлы облыстық ардагерлер ұйымының, ал Галина Николаева, Ольга Литвинчук, Халима Қожабаева, Иван Винницккий, Қымбат Досмағамбетованы Ақмола облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының жетекшісі Дина Ахметжанова құттықтады. Салтанатты шара соңы концертке ұласты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс