Екіжақты іскерлік байланыс нығаяды

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин кеше біздің өңірге жұмыс сапарымен келген АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролмен кездесті. Екі жақ өзара тиімді мәселелер бойынша пікір алмасты. 

Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы айта келе, еліміздегі астықтың төрттен бірі біздің жерде өндірілетіндігін айтты. Және де ақмолалық диқандар өсірген астық әлемдік рынокта жоғары бағаға ие болуда. Жыл сайын алыс-жақын 32 мемлекетке 2 миллион тоннадай астық экспортқа шығарылуда. Өңірде индустриялық сектор қарқынды даму үстінде. Щучье-Бурабай курортты аймағында туризмнің даму қарқыны да қуантады. Біздің облыс үшін тағы өзекті проблема Көкшетау қаласында жылу-электр орталығын салу. Оны жүзеге асырушы компаниялардың қатарында АҚШ-тың «KrouriGroup» консорциумы да бар. Алдағы уақытта инвестиция тарту үшін қажетті ұсыныстар елшілікке арнайы тапсырылатын болады. Өз тарапынан Джордж Крол өңірдің ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп саласындағы жетістігін атап көрсете келе, Бурабайдың тамаша табиғатына шексіз сүйіспеншілігін білдірді. Екі ел арасындағы ынтымақтастық байланысты онан әрі нығайту үшін Ақмола облысының делегациясын тамыз айының соңында «ЭКСПО-2017» көрмесінде өтетін маңызды шараға шақырды. Оған АҚШ-тың жоғары деңгейдегі лауазымды тұлғалары және бизнес қоғамдастықтың өкілдері қатысады. АҚШ-тың Алматыдағы халықаралық даму жөніндегі агенттігі 18-19 қазанда Орталық Азия сауда форумын өткізбекші.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс