Екі ауданда жаңа әкімдер тағайындалды

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және аудандық мәслихат депутаттары келісімінің негізінде Нариман Ихсанұлы Төлепов Егіндікөл ауданының, Азамат Айтбайұлы Тайжанов Аршалы ауданының әкімдері болып тағайындалды. Аудан активтеріне жаңа әкімдерді облыс әкімі Сергей Кулагин таныстырды.

DSC_9055

Егіндікөл ауданының әкімі болып тағайындалған Нариман Ихсанұлы, 1967 жылы туған, білімі жоғары, Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ғалым агроном мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1992 жылғы сәуірде Торғай облысы, Жангелдин ауданы, «Қызыл әскер» совхозы жастар комитетінің төрағасы болып бастады. Жангелдин аудандық экология және ресурстар басқармасының жетекші маманы, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы, «Милисай» ассоциациясының бас агрономы болып жұмыс істеді. Әр жылдары Торғай, Қостанай облыстарының ауыл шаруашылығы жүйесінде қызмет атқарды. 2007 жылғы тамыздан Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы. 2009 жылғы қарашадан бастап Жангелдин ауданының әкімі лауазымын атқарды. 2014 жылғы желтоқсаннан Ақмола облысы, Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, 2015 жылғы маусымнан Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы лауазымында болды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі комиссияның шешімімен 2015 жылғы ақпанда мемлекеттік қызметтің «А» корпусының кадр резервіне енгізілді.
Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалған Азамат Айтбайұлы, 1985 жылы туған, білімі жоғары, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің бакалавриатын және магистратурасын аяқтаған. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, 2010 жылы Жапонияда Токай университетін аяқтады. Еңбек жолын 2005 жылғы қазанда Астана қаласы «Ықылас К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері болып бастады. 2007 жылғы қарашадан бастап 2008 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды атқарды. 2008 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде эксперт лауазымын атқарды. 2011 жылғы ақпаннан – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің кеңесшісі. 2013 жылғы сәуірден бастап Степногорск қаласы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасады. 2013 жылғы маусымнан бастап Егіндікөл ауданының әкімі лауазымын атқарды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс