«Екі жұлдыз» шоу- бағдарламасы

Қала әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен кеше арнайы кеңес өткізіліп, онда алдағы кәсіби мерекелер – Мемлекеттік қызметші және полиция қызметкерлері күнін жоғары деңгейде ұйымшылдықпен ұйымдастыру мәселесі қаралды. Сондай-ақ, қаланы абаттандыру, көркейту мәселелеріне де көпшіліктің назары аударылды.

Жылдағы дәстүр бойынша Медицина қызметкерлері күні қарсаңында 14 маусымда, «Достар» мәдениет сарайында «Екi жұлдыз» атты шоу-бағдарлама болды. Шоу-бағдарламаны ұйымдастырудағы мақсат – медицина мамандарының беделiн көтеру, шығармашылық өсуіне ықпал жасап, өнерлерiн насихаттау, сахнадағы қабілеттерін жетiлдiру. Бағдарламаға 13 жұп қатысты, олардың бiреуi вокал өнерінің кәсiби орындаушысы болса, екіншісі – медицина қызметкері. Әрбiр жұп бiр музыкалық композицияны орындап, таңдаған әнiне байланысты өздерiнiң сахналық образын сомдайды. «Екі жұлдыз» шоу-бағдарламасының қойылым-режиссері «Достар» мәдениет сарайы директорының орынбасары Сәуле Исакова, іс-шараның демеушісі – Алматы қаласындағы «Бьюти мания», «Ароматы Парижа» жоғары сапалы кәсіби парфюмерлі косметикасын ұсынатын «Французский дом» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Көрермендердің ыстық ықыласына бөленген мына жұптар «Екі жұлдыз» байқауының жеңімпазы атанды: бірінші орын – Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансердің ұйымдық-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Лилия Высоцкая мен «Достар» мәдениет сарайының әншісі Қайрат Кенжетаев; екінші орын №1 қалалық емхананың рентген-лаборанты Дархан Дабуков пен №1 қалалық емхананың «Таволга» халықтық ансамблінің әншісі Виктория Грудина; екінші орын Ақмола облыстық жүйке аурулары ауруханасының қызметкері Бағдат Құдабаев пен Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің вокалды жетекшісі Алла Беш; екінші орын облыстық наркологиялық оңалдыру орталығының мейірбикесі Зухра Әубәкірова мен рок тобының жетекшісі Вадим Белый; үшінші орын жедел жәрдем стансасының фельдшері Рысбек Шәріпов пен облыстық филармонияның әртісі Ләззат Ідірісова; үшінші орын СПИД-пен күрес орталығының мейірбикесі Майра Жанағабылова мен «Көкше» мәдениет үйінің әнші-сазгері Жанатқазы Дәмелқазы; үшінші орын перинаталдық орталықтың аға акушері Валентина Хромец пен «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, дыбыс режиссері Андрей Бажанов.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс