Елбасы Ақмола облысының әкімі М.Мырзалинді қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 28 маусымда Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалинді қабылдап, облыстың туристік әлеуетін, соның ішінде «Бурабай» курортын одан әрі дамыту жұмыстары туралы сұрады.

Елбасы курорттық аймаққа келушілер саны жылдың әр мезгілінде әртүрлі екеніне назар аударып, турис-терге көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, сондай-ақ, көрсетілетін қызметтердің деңгейіне сай келмейтін бағалардың жоғары екенін атап өтті. «ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуін тиімді пайдалану қажет. Көптеген туристер келді, соның ішінде шетелдіктер де бар. Бірақ, экологиялық жүйеге салмақ салмау керек. Сонымен қатар, адамдардың демалуы үшін жақсы жағдай жасаған жөн», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін көтерудің маңыздылығына тоқталып, облыс басшылығы тарапынан ерекше мән беруді қажет ететін бірқатар саланы айтты. М.Мырзалин Қазақстан Президентіне туристердің қазіргі демалыс орындарына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндап, өңір қонақтары мен тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге арналған жоспарлармен таныстырды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс