«Елбасы және Тәуелсіздік»

2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ашылған қазіргі заман тарихы залы дәл осылай аталады.

«Елбасы және Тәуелсіздік» залын танымал қазақстандық дизайнер, музеолог Бекмағамбет Қазанғаповтың басшылығымен Алматы қаласынан «Қазинтерекс» компаниясы жасақтады. Музейде жаңа экспозиция залының ашылуы белгілі мемлекет қайраткері, Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасының директоры Махмұд Қасымбековтың жеке қолдауымен өтті. Елбасының жеке мұрағатынан алынған заттар, картиналар мұражайға сыйға тартылды.
Музейдің «Елбасы және Тәуелсіздік» залында Мемлекеттік рәміздер, Қазақстан Республикасының Конституциясы, конституциялық заңдар басты орын алған. Мұнда Ұлы дала астанасы – Нұр-Сұлтан қаласына Тәуелсіздіктің және Елбасы идеясының салтанат құруы ұлттың рухани жаңғыру, елдің табысты дамуының драйвері ретінде ерекше орын берілген. Елорда Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени мегаполисі, киелі орталығы ретінде ұсынылған.
Дәстүр бойынша залда мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шаралар, ақмолалықтар мен облыс қонақтарына арналған шолу экскурсиялары өтеді. Экспозицияны мұражай сайтынан кез келген адам көре алады. Залдың тұжырымдамасы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын, оның жетістіктерін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының табысты мемлекет құрудағы ауқымды тарихи рөлін көрсетеді. Мұнда құнды экспонаттар – мұрағаттық құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары, Елбасының фотосуреттері мен жеке заттары бар заманауи зал назар аудартады. Олардың арасында Елбасының қолынан өткен заттар да бар. Қарапайым жұмысшыдан саяси қайраткер, әлемдік қауымдастық мойындаған Ұлт Көшбасшысына дейінгі тұлғаның қалыптасу тарихын бейнелейтін оның өмір жолы кеңінен ұсынылған. Әрине, барлық ұсынылған экспонаттар тарихи құндылыққа ие және жастарды жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде, ұлттық мәдени кодты сақтай отырып, жаңа құндылықтарды жаңартуға және қалыптас-
тыруға ұмтылуда үлкен рөл атқарады. Елбасының жеке тұлға ретінде қалыптасу кезеңдері, оның еңбек өмірбаянының негізгі кезеңдерін ашып көрсететін экспозиция бөлімі: Елбасының Украинада оқуы, Теміртау қаласындағы Карметкомбинатта жұмыс істеуі, қоғамдық және мемлекеттік қызметке араласуы шынайы қызығушылық тудырады.
«Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты заманауи қазақстандық мемлекеттілік үлгісінің сәулетшісі деп нық сеніммен айтуға болады. Оның есімі ұлы мемлекет қайраткерлерінің әлемдік шежіресіне алтын әріптермен жазылды, өйткені ол барша қазақстандықтар үшін Конституцияның кепілі ғана емес, ел тәуелсіздігінің негізін қалаушы болды. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өмір жолын бастаған жас қазақстандықтар үшін ғана емес, тәжірибесі мол сая-
саткерлер үшін де үлгі. Оның республиканың қалыптасуындағы рөлі мен маңызы тарих тұрғысынан дәлелденді. Биыл облыс-
тық музей ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Музей коллекцияларындағы Тәуелсіз Қазақстан тарихы» жобасын жүзеге асыруда. Оның негізгі мақсаты – қор коллекциясын зерттеу, жүйелеу және толықтыру, каталогтау, сондай-ақ онлайн-
офлайн режимде экскурсиялар, ашық сабақтар мен басқа да іс-шаралар өткізу арқылы мұражай экспонаттары арқылы өңірдің тарихи-мәдени және рухани мұрасын кеңінен таныту. Жоба ауқымды және қызықты. Мысалы, мерейтойлық жыл ішінде «Тәуелсіздіктің биіктері» атты 30 музей сабағын өткізу, жаз айларында облыс аудандары бойынша «Туған елім Қазақстан» өлкетану және зерттеу экспедициялары, «Туған елім Қазақстан» ақмолалық сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұ-
йымдарының көрме-жәрмеңкесі жоспарланған», – дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Қуаныш Шақшақов.
Өткен жылы жүз жылдығын атап өткен Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы біздің өңірдің маңызды мәдени-білім беру орталықтарының бірі, облыстың мемлекеттік және қоғамдық мұражайлары үшін ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады. Музей қоры жыл сайын жаңа коллекциялармен толықтырылып, бүгінгі таңда 84 000-нан астам экспонатты құрайды. Мұражайдың өлке тарихын зерттеуге бағытталған ғылыми қызметі ұлттық тарихтың дамуына белгілі бір үлес қосуға мүмкіндік береді.
«Осы уақыт ішінде ақмолалықтардың өлкеміздің, халқымыздың және мемлекеттің тарихи өткеніне деген қызығушылығының өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Осы ретте экспозициялар да үнемі жетілдіруді және жаңартуды қажет етеді. 2019 жылы инновациялық технологияларды пайдалана отырып салынған жаңа экспозициялық залдарда өлкенің көне заманнан қазіргі уақытқа дейінгі тарихының барлық кезеңдері көрініс тапты. Экспонаттардың дәстүрлі көрсетілімімен қатар (витриналар, диорамалар, инсталляциялар) келушілерге ыңғайлы болу үшін мониторлар, сенсорлық дүңгіршектер жұмыс істейді, сондай-ақ музейде алғаш рет QR кодтар орнатылды», – дейді музей директоры.
Кез келген мұражайдың жүрегі – оның қоры. Көптеген экспонаттарды стационарлық экспозицияға қою мүмкін болмай, мұражай қызметкерлері жылжымалы көрмелер өткізеді. Коллекциялық шоулар келушілер үшін үлкен қызығушылық тудырады. XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басындағы мұражайдың қор коллекциясындағы самауырлар көрмесі жарқын мысал болды.
Туризмді дамытудың Жол картасын жүзеге асыру аясында мұражайдың жеті филиалы жаңғыртылуда, материалдық-техникалық база нығайтылуда, экспозициялық аймақтар жаңартылуда. Облыс әкімдігінің қолдауымен Бурабай тарихи-өлкетану мұражайының жаңа экспозициясы ашылды. «Қазақалтын Tehnology» ЖШС мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Степногорск тарихи-өлкетану мұражайында күрделі жөндеу жүргізілді, жаңа экспозициялық залдар ашылды. Облыстық музей қызметкерлерінің күшімен Атбасар тарихи-өлкетану мұражайында ішінара реэкспозиция жүргізілді, онда Ақмола облысындағы «Алаш» партиясының қалыптасу тарихын бейнелейтін зал ұсынылды.
Соңғы уақытта көптеген жаңа стандартты емес және тәуекелді жобалар іске қосылуда. 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстық тарихи-өлкетану музейі ауқымды жоба – ашық аспан астындағы «Ботай-Бурабай» археологиялық-этнографиялық мұражайы жақын және алыс шетелден келген туристер үшін ерекше орынға айналды.
Пандемияға байланысты мұражай көптеген ұйымдар сияқты қашықтықтан жұмыс істеуге көшті. Жұмыс жоспарын шұғыл түрде қайта қарауға тура келді. Осы кезеңде «Экспонаттардағы тарих» атты жаңа онлайн-жоба дүниеге келді. Көптеген жылдар бойы ғылыми қызметкерлер мұражай заттарының бірегей бай коллекциясын жинады, олардың ең жақсысы экспозиция залдарында ұсынылған. Әр тақырып, құжат, фотосурет – бұл өлке тарихы. Осы уақытқа дейін жеті қысқа метражды фильм жарық көрді, олар музейдің фейсбуктегі парақшасында және сайтта орналастырылған. Өткен жылы республикалық «Рухани қазына-2020» байқауында музей «Облыстық маңызы бар үздік музей» номинациясында бірінші орынға ие болды.

Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий