Елбасы күні – елдікке құрмет!

«Достар» мәдениет сарайында Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов көкшетаулықтарға «Күміс алқа», «Конституцияға 25 жыл» медальдарын және аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың атынан алғыс хаттарды табыс етті.

Жиналғандарды атау-лы күнмен құттықтаған қала әкімі Тұңғыш Президент күнінің мән-маңызына тоқталып, мемлекет тәуелсіздігінің тарихы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың даналығы мен көрегендігінің арқасында басталғанын атап өтті, қала тұрғындарына амандық, бейбіт өмір мен гүлдену тіледі.
Мерекелік шарада Көкшетау қаласында тұратын көпбалалы аналар Гүлайым Ерғалиева, Марина Хайруллина «Күміс алқа» медальдарын иеленді.
Салтанатты жиын сала үздіктерін марапаттаумен жалғасты. Көкшетау қаласының прокуроры Дас-тан Тұрсынов, қалалық қаржы бөлімінің жетекшісі Гүлнар Құсайынова, Көкшетау қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімінің бастығы Азамат Метаев, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жетекшісі Юрий Шидловский, Көкшетау қалалық әкімдігінің әкімшілік-аумақтық дамыту бөлімінің бас инспекторы Дулат Жахин, «Көкшетау Жылу» кәсіпорнының жылу желілеріне өндірістік-техникалық қызмет көрсету бойынша бастығының орынбасары Ержігіт Түнғатаров, «Көкшетау Су арнасы» кәсіпорнының бөлім бастығы Жанат Бейісов «Қазақстан Конс-титуциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Тұңғыш Президент күніне орай Көкшетау қаласының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Болат Жанәділов, қалалық мәслихаттың депутаты, «АП-Импэкс» ЖШС директоры Жұмабай Әміржанов, Красный Яр селолық округінің әкімі Нұрлан Айсин және басқа да азаматтар Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттарына ие болды. Мерекелік шарада қалалық мәслихаттың депутаты Боранбай Бегалин, Көкшетау аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Гүлсім Ерғалиева, қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Ксения Андросова, «Степной маяк» газетінің фотокорреспонденті Валентина Отт және басқа сала мамандары қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Ә.ҚҰЛЖАНОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий