Елбасы Н.Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірлігіне сапары

Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Кездесу барысында Қазақстан Президенті мен Абу-Дабидің тақ мұрагері сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екі елдің ынтымақтастығы мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі өзекті халықаралық мәселелер талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің және Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қажеттіліктері үшін Астана қаласында және Абу-Даби қаласында жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісім;
– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық төлқұжаттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;
– Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Ислам істері және уақыфтар бас агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
– «АСТАНА ЭКСПО-2017» және «ЭКСПО ДУБАЙ-2020» бюросы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;
– Маңғыстау облысы әкімдігі мен DP World FZE компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Сыртқы істер министрлігі арасындағы консулдық мәселелері бо-
йынша бірлескен комиссия құру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
– Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Экономика министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
– Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Құрлықтағы және су көлігі федералдық агенттігі арасындағы жолаушылар мен жүктердің автокөлік арқылы халықаралық тасымалы жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс