Елордада жаңа «Aqmol» сауда орны ашылды

Елорда тұрғындары ақмолалық тауар өндірушілерінің табиғи өнімдерін жаңа «Aqmol» дүкенінен сатып алатын болды. Астаналық жұртшылықтың өтініштері бойынша «Aqmol» дүкені Нұр-Сұлтан қаласындағы Есілдің оң жағалауынан орын тепті. Жаңа сауда орны Нұр-Сұлтан қаласындағы Сарыарқа ауданы әкімдігі мен «Астана» университетіне таяу Абай даңғылы 8 мекенжайы бойынша орналасқан.
Ақмола облысы тауар өндірушілерінің өнімдері сатылатын дүкен таңғы 9.00-ден 21.00-дейін жұмыс
істейді. Ал, карантин режимі басылған жағдайда жаңа маркет тәулік бойы режиміне көшуді көздеп отыр.Елорда тұрғындары мен қонақтары енді ақмолалық азық-түлік өндірушілердің сапалы өнімдерін нарық бағасынан төмен бағада сатып алуға мүмкіндік алады. Дүкенде сүт және ет өнімдері, жұмыртқа, шұжық және нан өнімдері, жарма басқа да өнімдер ұсынылады, – деді «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметінен.
«Aqmol» маркеттер желісі 2017 жылы облыс әкімдігінің қолдауымен өңірдің ірі тауар өндірушілерінің бастамасымен құрылған.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий