Елордада өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесі

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі құрметіне Елордада өткен Ақмола облысы ауылшаруашылық кәсіпорындарының жәрмеңкесіне облыс әкімінің орынбасары Егор Каппель, бірқатар облыстық басқармалар мен ведомстволардың басшылары қатысты. 15-16 шілдеде Елордадағы «Қазақстан» спорт кешенінің алаңында Ақмола облысының аудандары мен ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қатысуымен жәрмеңке өткізілді. Бұл шараға сондай-ақ, Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының өкілдері де қатысты.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі құрметіне өткізілген ауыл шаруашылық өнімдерін сату жәрмеңкесіне Ақмола облысының 17 ауданы мен Көкшетау, Степногорск қалаларының 50 үздік тауар өндірушілері қатысып, елордалық тұтынушылар назарына отандық  өз өнімдерін ұсынды. Әсіресе, Қорғалжын ауданының «Астана Агро Продукт», «Agro Export LTD», Шортанды ауданының «КазГРУ Холдинг»,  Еңбекшілдер ауданының «KazBeef LTD», Бурабай ауданының «ОСКО» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері әкелген жаңа сойылған мал еті мен сүрленген шұжық өнімдерін тұтынушылар көптеп сатып алды. Ал, сүт және сүт өнімдері, оның ішінде қымыз бен шұбатты сатып алушылар кезегінде де қисап болған жоқ. Бұл өнімдерді Целиноград ауданының «Агрофирма «Родина», Зеренді ауданының «Milk Project», Көкшетау қаласындағы «Гормолзавод» жауапкершіліг шектеулі серіктестіктері, «Астана Өнім» акционерлік қоғамы, Шортанды ауданының «Харсиев» жеке меншік кәсіпорны, Аршалы ауданы «Ижевский» өндірістік кооперативі ұсынды.Сондай-ақ, жәрмеңкеге келушілер Атбасар ауданының «Сочинское», Еңбекшілдер ауданының «ҚазГер Құс» және Ақкөл ауданының «Үш Бұлақ – 2005» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен әкелінген өсімдік майы мен жұмыртқаны көптеп сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл жолы да 35-тен астам тауарлар атауы нарықтағы бағадан 10-20 пайыз арзанға сатылды. Мысалы, жылқы етінің орташа бағасы – 1500 теңге, сиыр еті – 1250 теңге, шұжық өнімдері – 900 теңге, жұмыртқа – 180 теңге, сүт – 190 теңге, өсімдік майы – 340 теңге, жоғары сұрыпты ұн – 100 теңге. Жалпы осы жәрмеңкеге Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешенінің кәсіпорындары 337,8 млн. теңгеге 430,5 тонна өнім әкелген болатын. Оның ішінде: ет және шұжық өнімдері – 174 тонна, жұмыртқа – 2,5 млн. дана, сүт және сүт өнімдері – 34,3 тонна, ұн – 50 тонна, өсімдік майы – 15 мың литр, басқа да өнімдер – 9,5 тонна.

Жәрмеңкеде 337,8 миллион теңгенің 430,5 тонна ет, сүт, көкөніс өнімдері әдеттегі нарықтық бағамен салыстырғанда 10-20 пайызға арзан бағамен сатылды.

 

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс