Елордаға гуманитарлық көмек жөнелтілді

Коронавирус ин-фекциясының таралуы халықтың баршасына экономикалық қиындықтар туын-датқаны даусыз. Індеттің дендеп енуінен үйқамақта отырған көптеген отбасылар өмірдің қиын жағдайына тап болып жатқаны шындық. Осыны ескерген еліміздің басты жеті мешіті Ел-ордаға гуманитарлық көмек жолдады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқар-масының бас мүфтиінің бастамасымен «Жүрек жылуы» атты акция басталған. Көкшетау қаласындағы Науан Хазірет мешіті де аталған акциядан қалыс қалмай қолдан келгенше қол ұшын созды. Елордаға 7 тоннаға жуық алғашқы қажетті азық-түліктер жөнелтілді. Облыстың бас имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлының айтуынша мешіт әрқашан еліміздегі қиын-қыстау кезеңде мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуге әзір.
– Акцияға тек Ақмола облысы ғана емес Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары үн қатуда. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласына біз 7 тонна азық-түлік жөнелттік. Қаражат басқа өңірлердің мешіттерімен бірге жиналды. Жалпы, 13 келілік 500 қорап жөнелтілді. Азық-түлік өнімдері Елорданың бас мешітіне жеткізіліп, онда мұқтаж отбасыларға таратылатын болады, – дейді Қуаныш қажы Жұмабайұлы.
Сонымен бірге, Науан Хазірет мешіті Ақмола облысының тұрғындарына да гуманитарлық көмек көрсетуге әзір. Әрбірінің салмағы 15 келілік 100 қорапта қант, шай, макарон, сарымай, ұн сияқты азық-түлік өнімдері бар. Көкшетау мешіті тұрақты негізде мұқтаж азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетпек.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий