«Елім-ай» жазғы спорт алаңы

Облыс əкімі Мəлік Мырзалиннің қатысуымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуы құрметіне Көкшетау қаласында жаңа спорт алаңы ашылып, пайдалануға берілді.

Бұл спорт алаңына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жəне «Цеснабанк» акционерлік қоғамы ұйытқы болды. Кəсіби мамандардан тұратын ұжымның қуанышын еселей түскен спорт алаңы қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ашылған нысанда жасанды жамылғы төселген футбол алаңы бар. Алаң айнала шарбақпен қоршалған. Спорт алаңының ашылу салтанатында облыс əкімі Мəлік Мырзалин жиналғандарға ізгі тілегін жеткізді. Жыл сайын облыста тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында аула алаңдарын жабдықтап, игілікке жарату мəселесі де оң шешімін табуда. Мəселен, таяуда Бұланды ауданында жүзу бассейні, Сандықтауда мəдени-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі деп күтілуде. Салтанатты шарада «Цеснабанк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Ғалым Ордабаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің бастығы Сандыбек Қасенов сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында комитет қызметкерлері арасында өткен спорттық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінген бір топ қызметкерлер мен аталмыш спорттық нысанның бой көтеруіне атсалысқан меценаттар да Алғыс хаттармен марапатталды. Жаңа алаңда облыстық əкімдік пен банк қызметкерлерінің құрамалары арасында алғашқы футбол матчы өткізілді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс