«Елім» деп соққан жүрегі

жандос2 Мақаламды осы теңеу сөздермен бастауымның себебі «Мен елімнің патриотымын!» деген жүрегінде сезімі бар әр оқушыны өз еліміздің патриоты ғана емес, сонымен қатар адамгершілік-рухани жағынан бай, халқымыздың  салты мен дәстүрін құрметтейтін азамат етіп тәрбиелеу – біздің де басты міндетіміз. Осы мақсатқа жету жолында әр баланың бойындағы дарындылығын анықтап, өмір белестеріне көтеріп, жеңіске жетсе қуаныштарына ортақтасып жатамыз. Біздің №3 Красный Яр орта мектебінің 6 сынып оқушысы Жандос Жанат өте кішіпейіл, ақкөңіл,  қасына барлық жанды үйіріп алатын қасиетімен ерекшеленеді. Гүлнар Садықова жетекшілік ететін «Вокал» үйірмесінің белсенді мүшесі Жандос қала, облыс деңгейінде өткен «Шоқ жұлдыздар», «Патриоттық әндер», «Көркемөнерпаздар» са-йыстарында өнер көрсетіп жүр. Ол өзін сахнада нағыз әртістерше ұстап, көпшілікті тәнті етуде. Оның осы талантын байқаған «Көкше» мәдениет үйінің әншісі Жанатқазы Жандосты Алматы қаласында өткен «Бозторғай» сайысына алып барған болатын. Ол Роза Рымбаева, Бибігүл Төлегенова, Кеңес Дүйсекеев сынды өнер майталмандарының сынынан өтіп, жүлделі 2 орынды жеңіп алып келді. Жас дарынды мектеп ұжымы, селолық әкімші-лік, мәдениет үйінің қызметкерлері теміржол вокзалынан ата-анасы, туысқандарымен бірге қарсы алдық.  Поездан түскен Жандос барлығымызды көріп, көзінен қуаныштың ұшығын байқағанда біздің де төбеміз көкке бір елі жетпей қалған сезімде тұрдық.

Сандуғаш САМҰРАТОВА,
№3 Красный Яр орта мектебі тәрбие ісінің меңгерушісі

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс