Елінің еріне ескерткіш орнатылады

Жақында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев көкшетаулық зиялы қауым өкілдерін қабылдап, ҚР Үкіметінің Көкшетау қаласында мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Еркін Әуелбековке ескерткіш орнату туралы шешімі шыққанын айтты. Ескерткіш облыс орталығындағы Е.Әуелбеков және Ғ.Елемесов көшелері қиылысындағы аллеяға қойылмақ. Өңір басшысы еліне еңбегі сіңген, халықтың қалаулы ұлына ескерткіш қою жұмысының дәл бүгіннен басталатынынан да хабардар етіп, арнайы комиссияның да іске белсене араласуын сұрады.
Бұл көкшетаулықтар үшін елеулі оқиға. Өйткені, Еркін Әуелбеков өзінің адалдығы, іскерлігі, шұғыл шешім шығара алар батылдығы, алғырлығымен ерекшеленген басшы. Ол тек қана осы өңірдің, төл қаламыздың немесе Торғай, Қызылорда облыстарының ғана емес, Ауылшаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, астық өнімдері және құрама жем өнеркәсібі министрі ретінде бүкіл еліміздің дамуына үлес қосқан тұлға. Сондықтан да, көкшетаулықтар әрқашан оны кейінгі ұрпаққа үлгі етеді, мақтан тұтады. Енді өзі Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып ұзақ жылдар тұрып, еңбек еткен қаласында оның асқақ ескерткіші тұратын болғаны үлкен қуаныш. Шындығында, бұл оқиғаны көкшетаулықтар көптен күткен еді. Сол себепті Е.Әуелбеков атындағы қордың да қорлана түсеріне сенеміз.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий