Ел ағасына құрмет көрсетілді

Қала әкімі Ермек Маржықпаев педагогика саласының ардагері Тельман Мұқышевты 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты. «Сіздің еңбек жолыңыз әрбір адамға үлгі. Қашанда белсенділігіңізбен ерекшеленетін жан ретінде қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табыласыз. Спортты жаныңызға серік етіп келесіз. Осындай қажыр-қайратыңыз сарқылмасын», – деген тілегін жеткізді шаһар басшысы.

Мерейтой иесі өзінің өткен өміріне шолу жасап, қызықты сәттерін еске алды. Әсіресе, Алматыда оқып жүрген кезінде қазақтың батыр ұлы Мәлік Ғабдуллинмен шахмат ойнаған сәттерін еш ұмытпайтынын айтты. Ал, Бауыржан Момышұлымен бір көлікте отырып, бірақ сөйлесуге бата алмағанына әлі күнге өкінеді. Тельман Шәріпұлы 14 жыл бойы жергілікті шахмат клубын басқарып келеді. Оған 70 ардагер мүше. Өзіне көрсетілген құрметке риза болған ел ағасы қала әкіміне алғысын жеткізді. Алдағы уақытта өзінің өмір жолы жайлы кітап жазуды жоспарлап жүр екен. Мерейтой иесін, сондай-ақ, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев те құттықтады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий