Ел болашағы үшін дауыс берді

Сайлау күні таңсәріден Көкшетаудағы сайлау учаскелерінде мерекелік екпін, қала тұрғындары мен қонақтарының жанын жадыратар жағдай толықтай салтанат құрды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев және Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов алғашқылардың бірі болып дауыс берді.
DSC_6132Барлық қазақстандықтар үшін ерекше есте қалатын күн, ел тағдыры үшін бей-жай қарамайтындарын сайлаушылардың сайлау бөлімшесі ашыла салысымен ерте келген белсенділіктері айқын аңғартты.
Сайлауға ақ сақалды қариялар мен ақ жаулықты аналардан бастап жаңа ғана отбасын құрып, некеге тұрған жас жұбайлар мен өмірінде тұңғыш рет дауыс беру құқығына ие болған азаматтарға дейін белсенді түрде қатысты.
Таңертең сайлауды салтанатты жағдайда бастаған №29 учаске жасы 18-ге толып, алғаш рет сайлауға келген жастарды құттықтап, арнайы сыйлықтар тапсырды.
DSC_6143Елден бірінші дауыс беруге келген Әзила Тұрсынова ел тыныштығы мен жасампаздығы үшін дауыс беруге келгенін айтты. Отанымыздың жеткен жетістіктеріне марқайып отыратын ана өзінің балаларына да сайлаудың ел үшін алар орны орасан зор екендігін саналарына сіңіріп келеді. Қазақстан мемлекетінің бүгінгі шыққан белесі мен бағындырған биіктеріне ризашылығын білдіре отырып, алда Қазақ елінің асар асуы мен жетер жеңісінің молдығына бек сенімді екенін жеткізді.
«Осы сайлау халыққа игілігін әкелсін. Халықтың көңілінен шығуға жазсын. Үміткерлерге Тұңғыш Президентіміздің жолын берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Елімізде бейбіт заман орнасын!» – деп ақ батасын берді Әзила Тұрсынова.
Алғаш дауыс беруге келген Аяулым Асқарқызы елімізде жастар үшін ұшан-теңіз жағдай жасалып отырғандығын және ел ертеңі – жастар сайлаудан тыс қалмау керектігін айтты.
Сайлау учаскесінде таңғы 7.00-ден 9.00-ге дейін 400-ге жуық сайлаушы өз таңдауларын жасап үлгергенін білдік. Мұның өзі халықтың қоғамдық-саяси өмірде белсенділігі жоғары екенін тағы бір аңғартты.
«Біздің учаскемізге 2943 сайлау-шы тіркелген. Екі сағаттан астам уақытта үш жүзге жуық адам келіп өз таңдауларын жасады. Шетелдік және отандық байқаушылар да келіп, сайлау барысын бақылауда. Ешқандай сайлау заңдылықтарын бұзатын әрекеттер орын алған жоқ», – деді аталған сайлау учаскесінің төрайымы Гүлмира Сексенова. Әрбір дауыс берушінің қадамын бақылаушы тарап қадағалады. Таңсәріден бері тапжылмай отырған топ тұрғындардың белсенділік танытып жатқанын айтты. Денсаулығына байланысты келе алмаған ардагерлер мен зейнеткерлер үйде дауыс берді.

* * *
Сайлау кезінде әрбір учаскені халықаралық ұйымдар, саяси партия-лар мен үкіметтік емес ұйымдардың бақылаушылары қадағалады.

№8 сайлау учаскесінде «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысы Ақмола облыстық филиалы атынан тіркелген бақылаушы Жомарт Қазбековтың пікірін білдік.
«Халық сайлауға өте белсенді қатысуда. Көңіл-күйлері көтеріңкі. Да-уыс беруге барлық талапқа сай жағдай жасалған. Әзірге ешқандай түсінбестік, дау-дамай жоқ. Туындаған мәселелер де рет-ретімен шешілуде. Мәселен, бір қыз бала келіп, анасының аяқ астынан ауырып қалғанын, үйге жәшік апаруға болатын-болмайтынын сұрады. Әрине, болады. Ондай адамдарға дауыс беру жәшігі апарылуда. Барлық учаскелерде сайлаушылардың тізімі бар. Егер тізімнен табылмай жатса, сайлаушылар халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған мекенжайы жөніндегі анықтаманы алып барса да сайлау комиссиясы назарға алатын болады. Қысқасы, бәрі рет-ретімен, заңға сәйкес өтуде», – дейді Жомарт Қазбеков.
Қаладағы №31 сайлау учаскесінде да-
уыс берушілер өздері қалаған үміт-керлеріне, бюллетеньдегі өз таңдаулары тұсына белгі соққанша асығулы. Жұрт кезек күтіп қалғанына, кідіргеніне де ренжір емес. Аса бір ықтиятпен, жауапкершілікпен келіп, ұзына-шұбақ кезекке тұрып да-уыс берушілер, тізімді мұқият тексеріп, келушінің құжатына сай бюллетень ұсынып, жол сілтеп, жөн көрсетуде сайлау комиссиясының мүшелері.
Қарияларды жанарлары жарқырап, елдегі елеулі оқиғаға, тарихи күнге үлес қосқандары үшін қуанған немерелері жетектеп келеді.
Сайлауға белсенді қатысу – ел азаматы ретінде маңызды шешім қабылдау деп түсінеді дауыс берушілер.
«Еліміздің ертеңі, халқымыздың бақуатты тірлігі, тату-тәтті өмір үшін да-уыс береміз. Әр тұрғын қала келешегі мен ел ертеңі үшін өз таңдауларын жасауда. Енді Президент болып сайланған тұлға сол сенім үдесінен шығып, халықтың жағдайын жақсартуға өз үлесін қосады деген үміт мол. Өйткені, алдына зор міндет қойып отырған болашақ Елбасымызға жүктелетін жауапкершіліктің орны бөлек», – деп пікір білдірді 88 жастағы қала тұрғыны Ырысалды Сыздықова.
№13 «Экос» мектеп-гимназиясында орналасқан №30 учаскелік комиссиясының төрайымы Светлана Ахметжанованың айтуынша, зейнеткер Валентина Асеева бірінші болып дауыс берген.
№28 сайлау учаскесінде 2917 сайлау-шы тіркелген. «Наше право» қоғамдық бірлестігінің бақылаушысы Дәурен Шәріповтың айтуынша, сайлау барысында округтер бойынша кейбір сайлаушылар тізімде болмағанынан басқа ешқандай заңға қайшы әрекеттер байқалмаған.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий