Ел ертеңі

Көкшетау қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ақмола облысы Өңірлік жобалық кеңсесінің қызметкері, жас ақын Қуаныш Оспанмен кездесу кеші өтті. Шара аталмыш мектеп ұстаздарының ұсынысымен қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында ұйымдастырылды. Мектептің акт залына жиылған бірнеше сынып оқушылары мен ұстаздары ақынға өз сұрақтарын қойып, пікірталасқа белсенділікпен қатысты. Ақын өз кезегінде ұлттық тәлім-тәрбие, туған жер жайлы толғанып, Отанға, тілге, әдебиет пен өнерге деген сүйіспеншілік туралы әңгіме өрбітіп, жас жеткіншектерді өз елінің шынайы патриоты болуға шақырды.

Өз тілшіміз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий