Ел жадынан өшпейді

22 маусым – Ұлы Отан соғысы басталған күн. 77 жыл бұрын, 1941 жылдың 22 маусымы күні таңғы сағат төртте фашистік герман әскері КСРО-ның батыс шекарасына басып кірді. Осылайша тарихта ІІ Дүниежүзілік соғыс басталды.

Мәлік Ғабдуллин музейінде «Үзілмеген үміт» тақырыбымен  сүйегі 76 жылдан соң табыл-ған марқұм Әбілқасым Жаманбаевтың немересі Қанат Жаманбаевпен кездесу өтті.  1914 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Чистополь ауданының Гаршин ауылында туған Әбілқасым Жаманбаев соғыстың алғашқы күндері 1941 жылғы 18 шілдеде Рузаев аудандық әскери комиссариатынан әскерге алынып, 1942 жылғы ақпаннан бастап із-түзсіз жоғалғандар тізіміне қосылған. Әкесі, одан кейін өзінің ұрпақтары осы күнге дейін іздеумен келген. 2018 жылдың 18 сәуірінде марқұм Әбілқасым Жаманбаевтың сүйегі Ресейдің Ленинград облысынан табылғаны белгілі. «Табыстыру» іздеушілер жасағының командирі Сергей Барсуковтың дерегі бо-йынша, жауынгердің Әбілқасым Жаманбаев екенін оның мойын тұмарында жазылған жазудан анықтаған. Онда 1914 жылы Көкшетау облысы, Чистополь ауданының Гаршино ауылында туған Әбділқасым Жаманбаев деп жазылыпты. Оның қару-жарақтары мен тұрмыстық заттары да сол жерден табылған. Кездесуге мәдениет саласының қызметкерлері, Көкшетау техникалық институтының курсанттары, БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында Қанат Жаманбаев марқұм атасы жайлы мәліметтермен бөлісті. Шара соңында Қ.Жаманбаев атасының бағалы экспонаттарын музей қорына тапсырды

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий