Емханалар қалыпты режимге көшті

Көкшетаудағы нөмірі 1 қалалық емхана бұрынғы режимде жұмыс істеуге көшті. Бірақ бұл шектеулерді мүлдем алып тастады деген сөз емес. Санитарлық талаптар әлі де өзекті. Емханаға кіреберіске арнайы бекет қойылған. Медициналық қызметкерлер мен келушілер арақашықтық сақталған термометриядан өтеді. Дене қызуы барлар бірден фильтр кабинетке жіберіледі. «Сәуір айының басы мен 18 мамыр аралығында емханаға шектеу шаралары енгізілген. Арнайы қаулыға сәйкес емхана бұрынғы қалыпта жұмыс істеуге көшті. Яғни, таңғы 8-ден кешкі 20.00-ге дейін. Сенбі күні таңғы 9-дан кешкі 18.00-ге дейін. Және жексенбі күні 9-дан күндізгі 14.00-ге дейін. Бірақ шектеулер толық алынып тасталған жоқ. Міндетті түрде маска режимі және емделушілер арасындағы қашықтық сақталуы шарт», – дейді №1 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Айкөрім Кәрімова. Ал, дәрігер қабылдауына тек алдын ала жазылу арқылы бара аласыз. Үйде жұмыс істеу, яғни қашықтан кеңес беру қызметі жалғаспақ. Дәрі-дәрмекті үйге жеткізіп беру жұмысы да оң жолға қойылған.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий