Ендігі кезекте тазалық пен абаттандыру қолға алынбақ

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтіп, онда үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанының қорытындылары талқыланды. Жиын барысында қала басшысы 22 сәуірдегі жалпықалалық тазалық сенбілігін жоғары деңгейде ұйымшылдықпен өткізу жөнінде тиісті мекеме басшыларына нақтылы тапсырма берді.

Облыс орталығы үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанын негізгі көрсеткіштер бойынша ойдағыдай қорытындылады. Бұл қала басшылығы тарапынан талаптың дұрыс қойылғандығы, жұмыстың жүйелілігі, еңбекке қолайлы жағдай туғызылуының нәтижесі. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісі Г.Шұқатова ағымдағы жылғы үш айдың көрсеткішін өткен жылдың осы мерзімімен салыстыра отырып баяндап берді. «Камаз Инжиниринг», «Көкшетау минералды сулары», «Новопэк», «Тыныс», «Ақмола бидай», «Натурпродукт» сияқты белгілі ұжымдар өнім өндіруде жоспарлы межеден көріне білді. Дегенмен, өткен жылғы табыс-тар деңгейіне жете алмай қалған мекемелер де бар. Есепті мерзім бо-
йынша жалақы мөлшері орта есеппен 110 492 теңге болып отыр. Ал, өткен жылы 98 000 теңге болған. Қаржы бөлімінің жетекшісі Г.Құсанованың да хабарламасы тыңдалып, басқа бөлімдер басшыларының пікірлері ортаға салынды. Бұл мәселені қала басшысы «Бөлінген қаражаттың әр тиыны орнымен жұмсалып, уақытымен игерілсін» деген талаппен түйіндеді.
Одан әрі Е.Маржықпаев төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма басшысы, коммуналдық-шаруашылық, сумен қамту, тазалықпен айналысатын мекемелер басшыларын орындарынан көтеріп, ақпараттар сұрастырды. «Бүгінгі таңда қар суы-нан, су тасқынынан келетін қауіп азайып, қалыпты жағдайға түсті. Бастапқыға қарағанда су қазір үш есе аз келуде. Тасқын зардабынан қалаға су беруде тоқтау болғанын білесіздер. Қазір бәрі ретіне келтірілді, қалаға таза су толық берілуде. Жалпы қар суынан, тасқыннан келер қауіп-қатерге қарсы тұруда бізге қол ұшын беріп, бірге қимылдаған мекемелерге үлкен алғысымды білдіремін. Сондай ұйымшылдық, жанашырлықтың арқасында біраз қиындықтардың алдын алдық. Ал, ендігі мәселе, келген судан зардап шеккен жерлерді, жалпы қаланы түгел тазалау, ағаштар егу, ағаш түптерін әктеу, аула-көшелерді абаттандыру. 22 сәуірге жалпықалалық сенбілік жарияланды. Осы шараны бір кісідей жұмылып, ұйымшылдықпен өткізуіміз керек. Осыған бәріңіздің атсалысуларыңызды сұраймын», – деп қорытындылады аппарат мәжілісін қала әкімі Ермек Маржықпаев.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс