Ерекше қойылым

Театр өнерінің халыққа берері мол. Әр қойылымнан ерекше әсер алып, бойыңды сергітіп алуға үлкен мүмкіндік береді. Осыған орай «Көкшетау – Қазақстанның мәдени астанасы» және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында «Астана Балет» театры өңірге гастрольдік сапармен келді.

Керемет кештің шымылдығын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Тәти мен Мукарам Авархи қойған «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасымен ашылды. Өңір жұртшылығын таңғалдырған туынды, тіптен Еуропа және Америка елдерінің де талғампаз жұртшылығына ерекше әсер сыйлаған. Көрер-мен назарына ұсынылған Дивертисменттің әр биінен халық дүниетанымын танып, Ұлы Дала кеңістігінде орын алған ғажайып оқиғалар желісінен үзінділерді байқауға болады. Өнер ұжымы жиналған қауымды қайталанбас өрнектермен, мың бұралған бишілердің өнерлерімен көрермендерді тамсандырмай қоймады. Ұжым репертуарларының сан алуандығы мен орындаушылық шеберлігі және сахнаны безендіру сапасы жоғары болғандықтан, «Астана Балет» қойылымдары өз елімізде ғана емес, шетелдерде де ерекше ілтипатпен қабылданады. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі сыншылар қауымы хореографиялық миниатюралар дәстүрлі идеяға берік болғанымен, интерпретация даралығымен ерекшеленетінін, орындаушылардың асқан шеберлігі мен стильдің мүлтіксіз сақталатынын алға тартады. Хореографиялық салтанаттың шымылдығы хореограф Рикардо Амаранте қойған, театр репертуарындағы неоклассикалық қойылыммен жабылды.

Айғаным АСЫҒАТОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий