Еркін шығармашылық фестивалі

Халықаралық жастар күнін мерекелеу шеңберінде, облыстық және қалалық жастар ресурстық орталықтары бірлесіп өткізген шараның мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, оларды мәдени құндылықтарға тарту, азаматтық және патриоттық өзін-өзі тануын ынталандыру, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Аталған фестивальге Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов қатысып, жастардың өнерін тамашалап, керемет әсер алғаны байқалды. Іс-шара барысында караоке, Hip-hop байқауы, STREET WORKOUT бойынша жарыстар, фотосуреттер көрмесі өтті. Әр сайыстың жеңімпаздарына музыкалық центр, гироскутер сияқты бағалы сыйлықтар берілді.
Кеш соңында Қопа көлінің жағасында қызықты OPEN AIR өтіп, жастар арасында түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Сайыстың нәтижесі бойынша жеңіске жеткен әр қатысушыға демеушілерден сертификаттар табысталды.

Өз тілшіміз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий