Ерлік ешқашан ұмытылмайды

Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумында облыстық ардагерлер ұйымының Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына дайындалу, жастарға патриоттық тәрбие беруді күшейту жөніндегі міндеттері туралы мәселе қаралды.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл баяндама жасап, Ұлы Жеңістің 75 жылдық тор-
қалы тойын лайықты қарсы алу бағытында жүзеге асырылып жатқан шараларға жан-жақты тоқталды. Бүгін-
гі күнге дейін ардагерлер ұйымдары Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған бірқатар шараларды
жүзеге асырды. «Әр берген бұл өмірге ән менен жыр» атты облыс ардагер-лерінің қатысуымен көркем-
өнерпаздардың үлкен байқау конкурсы өткізілді. Облыстық ардагерлер кеңесінің қолдауымен Жеңістің 70 жылдығына «Зерде» естелік кітабының 10 томдығы, ал екі жылдан соң 11-ші қосымша томы жарық көрді. Ал, өткен жылдың аяғында жерлесі-міз Екатерина Шелестова құрастырған «Соғыс жылдарының әндері» жинағы басылып шықты.
Облыс көлемінде соғыс жылдары хабарсыз кеткен жерлес жауынгерлерді іздестіру жұмыстары жүзе-ге асырылуда. Ленинградты қорғауға қатысқан жерлесіміз, 1943 жылы ғайып болып, 2018 жылдың 3 мамырында Ленинград облысының орманында табылған Жақсы ауданындағы Терісаққан ауылының азаматы Кенжебек Болтаевты, Новгород облысының Старая Русса қаласының түбінде табылған Сандықтау ауданындағы Ұлан ауылының азаматы Кирилл Демченконы қайта жерлеу рәсімдері бұқара халықтың қатысуымен өткізілді.
Пленумда сөз алған Мырзахметов атындағы университеттің проректоры Бекит Евнейұлы, облыстық қорғаныс департаменті басшысының орынбасары Ақдәулет Төлешұлы, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Әсем Мұхтарқызы, Атбасар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Комиссаров, Ауған соғысы ардагерлері облыстық одағының төрағасы Дуанбай Кәзібайұлы Ұлы Жеңістің 75 жылдығын лайықты қарсы алу және жастарға патриоттық тәрбие беру бағытында атқарылып жатқан келелі істерге кеңінен тоқталды. Пленум осы және басқа да қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылдады.

Үкітай АХМАДЕЕВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий