«Ерлік сабағын» өткізді

Жергілікті полицейлер №11 орта мектептің әскери-патриоттық және әскери-медициналық сынып оқушыларына арналған «Есть на кого равняться» атты патриоттық іс-шарасын ұйымдастырды. Оған Көкшетау қалалық ПБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Әлихан Қожанов қонақ ретінде шақырылды. Кештің басты кейіпкері Әлихан Қожанов қызмет барысында бірнеше мәрте адамдарды құтқарған. Өткен жылдың сәуір айында қарулы қылмыскерді жалғыз өзі ұстап, зардап шеккенге дер кезінде көмек көрсетті. Қызмет кезінде кәсіби әрекеттері мен қайсарлығы үшін 2018 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Бүгінгі күннің батырымен танысқан оқушылар полиция қызметкеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, естелік суретке түсті.

Әділ СМАЙЫЛОВ,
6 сынып оқушысы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий