Ермек Маржықпаев – Ақмола облысының әкімі

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ақмола облысының әкімі қызметіне Ермек Маржықпаевты тағайындау туралы ұсынысы жазылған хатын оқып берді. Мәслихат депутаттары кандидатураны бірауыздан қолдады. Өңір активімен кездесуде Премьер-Министр Мәлік Мырзалинге облыс әкімі қызметіндегі жұмысы және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Ермек Боранбайұлы Маржықпаев 1969 жылы 29 тамызда КСРО Целиноград қаласында дүниеге келдi. 1994 жылы С.Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын, 2001 жылы «Тұран» университетiн, 2009 жылы Көкшетау университетiн тәмамдаған. Тарих пәнiнiң мұғалiмi, заңгер, қаржы бакалавры. Еңбек жолын 1991-1992 жылдары денешынықтыру пәнiнiң мұғалiмi, бокс жаттықтырушысы, орта мектепте тарих пәнiнiң мұғалiмi ретiнде бастады. Әр жылдары бірнеше шаруашылық директоры қызметiн атқарды. 2007-2009 жылдары Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болды. 2008-2012 жылдары Аршалы ауданының әкiмi, 2012-2013 жылдары Ақмола облысы Зерендi ауданының әкiмi болып жұмыс атқарды. 2013-2014 жылдары Ақмола облысы әкiмiнiң құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi орынбасары қызметiне тағайындалды. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап Көкшетау қаласының әкiмi.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий