Еріктілер марапатталды

Ақмола облы-сының әкімі Ермек Маржықпаев төтенше жағдай мерзімінде бел-сенділік танытқан өңір еріктілеріне Қазақстан Рес-публикасының Тұңғыш Прези-денті, Елбасының Алғыс хаттарын табыс етті.
Ақмолалық еріктілер төтенше жағдай мерзімінде 11 мыңнан астам отбасыға азық-түлік пен санитарлық қорғану заттарын үлестірген. «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында көмекке мұқтаж жалғызілікті қариялар, көпбалалы отбасылар мен мүгедектерге басымдық берілді.
«Бір біргеміз» республикалық акциясына «Феникс», «Аманат» волонтерлар клубтары, «Думан» педагогикалық отряды мен «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері өз үлесін қосты. Тұңғыш Президенттің бастамасы бойынша 17 мың 225 ақмолалыққа жалпы сомасы
170 млн теңгені құрайтын қаржылай көмек көрсетілді. Жақсылық жасаудан жарысқан жастар арасынан үздік 27 еріктіге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Алғыс хат табыс етілді. Өңірде волонтерлық қозғалыс қарқын алып келеді. Облыс аумағында 70-тен астам волонтерлық орталық қызмет атқарады. Олар 3 мыңға тарта еріктіні қамтиды. Сондай-ақ, өзге де жастар ұйымдары, қоғамдық мекемелер де волонтерлық шараларға белсене араласуда.
«Біз біргеміз» республикалық акциясы әлі де жалғасуда. Оның аясында азаматтарды қаржылай қолдаудың 4-ші толқыны жүргізілмек. Бұл жолы 3950 ақмолалыққа 197 млн 500 мың теңге көмек ұсынылады.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий