Еріктілер марапатталды

Ақмола облысының Полиция департаментінде Көкшетау қаласының еріктілері марапатталды. Департамент бастығы, генерал-майор Арманбек Баймурзин ведомство қонақтарына белсенді азаматтық ұстанымдары мен ішкі істер органдарына төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті қорғау және қамтамасыз ету ісіне көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Салтанатты жағдайда Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың атынан Алғыс хатпен тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Умар Шоназаров, еріктілер қозғалысы орталығының үйлестірушісі, «Қоғамдық келісім» КММ маманы Динара Кәкпенова, еріктілер – Берік Ақылбаев, Иван Дубейко, Дмитрий Романов марапатталды. Тәртіп сақшылары қоғамдық ұйымдармен тұрақты негізде ынтымақтасады.
Еріктілер жылы қарсаңында 2019 жылы 27 қыркүйекте Ақмола облысының Полиция департаменті мен еріктілер ұйымы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Осы уақыттан бастап көкшетаулық еріктілер қоғамдық тәртіпті сақтауға белсене қатысады, олар пандемия жағдайында облыс орталығы маңындағы блокбекеттерде кезекшілік еткен полиция және медицина қызметкерлері үшін тамақ жеткізуді жүзеге асырды.
Еріктілердің із-түзсіз жоғалған адамдарды іздестіруде көмек көрсететінін де ескеру қажет, ол іздеу ауданын кеңейтуге, жергілікті тұрғындардан тезірек сұрастыруға және ақырында зардап шеккендерді құтқаруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, еріктілер есірткі бизнесінің атауларымен жазылған жазуларды бояуға көмектеседі және осылайша есірткі қылмыстарымен күреске үлес қосады. Жалпы, жыл басынан бері полиция қызметкерлері мен еріктілердің бірлескен күш-жігерінің арқасында көптеген елеулі құқықбұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау мүмкін болды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий