Еңбегі сіңгенді ел ұмытпайды

Өңірімізде әртүрлі лауазымды, басшылық қызметтер атқарып, зейнеткерлікке шыққан
соң облыстық ардагерлер кеңесіне төрағалық еткен Чапай Әбутәліповті еске алуға арналған кешке Ақмола облысы-ның әкімі Ермек Маржық-паев қатысып, сөз сөйледі.
Кезінде жалындап кеңшар директоры болып, оның шаруа-сын, еңбекшілерінің тұрмысы мен әл-ауқатын алға оздырып, үздік ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсіп, қызметте сатылап өсіп, облыстық партия комитетінің бірінші секретарьлығына дейін көтерілген Чапай Мүтәлләпұлының облыстық ардагерлер кеңесін басқарып, үлкен-кішімен тіл табысып, көпке қамқор болып жүргені күні кешедей еді. Әрине, елге сіңірген зор еңбегі, төккен терін ешкім ұмытқан жоқ. Ол тұрып, ғұмыр кешкен мекені қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Облыс басшысы Ермек Маржықпаев өз сөзінде Чапай Әбутәліповтың өңір тұрғындары арасында зор беделге ие болғандығын, оның еліміз Тәуелсіздігінің тұғырлы болуына елеулі үлес қосқандығын айтып, еңбек және өмір жолына кеңінен тоқталып өтті. Ч.Әбутәліпов сол зор еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» ордендерімен марапатталып, Ақмола облысының құрметті азаматы атанған. «Біз алға қарай облыс орталығы Көкшетау қаласының бір көшесін Чапай Әбутәліпов есімімен атауды қолға
аламыз», – деді сөзінің соңында өңір басшысы.
Кеш модераторы, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл келесі сөзді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиевке берді. Ол Красный Яр орта мектебін күміс медальмен бітірген үздік оқушыдан ел басқарған қоғам қайраткеріне дейін көтерілген Ч.Әбутәліпов өмірінің өнегелі кезеңдерін еске алды. Оның Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әкесінің зиратын ұзақ жылдар іздестіріп тапқанын, перзенттік парызын өтеген ұлағатын баян етті. Азаматтың «Әкім болсаң, халқыңа жақын бол» деген халық қағидасын ұстанғанын айтты.
Қазақстан Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, академик Өмірзақ Озғанбаев, қоғам қайраткері, жазушы Жабал Ерғалиев, Чапай ағамыздың курстас досы Болатхан Ермекбаев, Солтүстік Қазақстан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов, Көкшетау қаласының құрметті азаматы, ақын Шәмшия Айтжанова Шәкеңнің іскерлігі, адамгершілік қасиеттерін әңгімеледі. Еске алу кеші соңынан Чапай Әбутәліпов жөнінде түсірілген деректі фильм тамашаланды.

С.САПАРҰЛЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий