Еңбегі құрметке лайықты

Осыдан отыз жыл бұрын, дәлірек айтқанда, 1987 жылдың 21 наурызында құрылған республикалық ардагерлер ұйымы бүгінгі таңда 9,5 мың бастауыш ұйымды, 240 аудандық, қалалық, 16 аймақтық кеңесті біріктіріп отыр.

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен кеше, Көкшетауда ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына арналған салтанатты жиын болды. Өңір басшысы майдан шебінде қаһармандық пен өжеттіктің үлгісін көрсетіп, тылда қажырлы еңбек еткен ардагерлерді айтулы осы оқиғамен шын жүректен құттықтап, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ адамға Алғыс хаттар тапсырды. Сондай-ақ, ақмолалық бір топ қария «Ардагерлік қозғалысқа белсене қатысқаны үшін» құрметті төсбелгісімен, Орталық Кеңестің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен және «Ардагерлер қозғалысына – 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Салтанатты жиын туралы толық есепті газетіміздің үшінші бетінен оқисыздар.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс