Еңбекте сәттілік тілейміз

Халқымыздың салт-дәстүрін, ұлттық болмысын паш еткен Ұлыстың Ұлы күні ару шаһарымыз Көкшетауда да биыл өзіндік сән-салтанатымен мерекелік рухта өтті. Әсіресе, 21 наурыз күні Тәуелсіздік алаңында болған театрландырылған қойылым көпшілікті жақсы әсерге бөледі. Қала тұрғындары мен меймандары концерттік бағдарламаны тамашалаумен бірге бесікке салу, тұсаукесер рәсімдерінің де куәгері болып, ақшаңқан киіз үйлерді аралап, наурыз көжеден дәм татты. Жастар жағы алтыбақанда тербеліп, спорт алаңдарында ептіліктерін сынға салды.

Жыл сайын киіз үй құрып, мерекені қызықтауға келген жерлестерімізді қонақжайлықпен қарсы алуда белсендік таныта білген «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамына, «ENKI», «Grand Royal Bottlers», «Көкше Энерго», «Алма ТВ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне, облыстық денсаулық сақтау басқармасына, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне, «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының филиалы – Ақмола темір жол бөлімшесіне, Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектер одағына, Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасына, Красный Яр селосындағы спорттың ұлттық түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер арасындағы олимпиада резерві мектебіне, №1, 4, 6, 8, 11, 13, 14, 16, 17, 18, 19 орта мектептерге, М.Ғабдуллин атындағы №3 орта мектепке, №5 мектеп-гимназиясына, гуманитарлық-техникалық лицейге, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне, Көкшетау техникалық институтына, жоғары техникалық мектепке, «Көкшетау», «Достар» мәдениет сарайларының шығармашылық ұжымдарына, Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театрына, Көкшетау қаласының тілдерді оқыту орталығы мен кітапханалар жүйесіне, облыстық ішкі істер департаментіне, құрылыс-техникалық колледж ұжымдарына Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың атынан ризашылығымызды білдіріп, еңбекте толайым табыс, өмірде сәттілік пен қуаныш тілейміз.

Көкшетау қаласы әкімінің
баспасөз қызметі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс