Еңбек адамының мүддесі қорғалады

Әрбір 7-ші жұмыс орны адам денсаулығына зиян келтіреді. Бір жылда 200-ге тарта азамат жұмыс орнында көз жұмады. Оның 70 пайызы өндірістік талаптардың сақталмауы салдарынан. Осындай деректерді алға тартқан кәсіподақ ұйымдары еңбек қауіпсіздігіне бас-ты назар аудартуды көздейді. Республикалық кәсіподақтар федерациясынан ұсынылған ел президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың өңірлік сайлауалды штабында осы және өзге де мәселелер бойынша өңір тұрғындарын қабылдау жүргізіледі. «Мұнда кес-теге сай кезекшілер тұрғындармен кездеседі. Бұдан бөлек барлық салалық кәсіподақтарда, сондай-ақ, ірі мекемелерде біздің өз өкілдеріміз үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін болады. Олардың барлығында өз сайлауалды штабтары қызмет атқарады. Олар азаматтардың еңбек шарттарына байланысты мәселелерді қарастырып, кәсіби көмек көрсетеді»,– дейді облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Қали Рахметов. Адал еңбектің тиісті ақысын алу – кәсіподақтар ұйымының басты талаптарының бірі. Ел аумағында жұмыс берушілердің жалақы қарызы 2 млрд теңгеге жеткен. Орташа жалақы 176 мың теңгені құраса, іс жүзінде бұл көрсеткіштер тау-кен, металлургия, мұнай өндірісі салаларының үлес салмағы негізінде есептеліп отыр. Ал,
мұндай жалақысы жоғары салаларда елдегі еңбек адамдарының тек 8 па-йызы қызмет атқарады, – дейді сала мамандары. Ақмола облысында 10 салалық кәсіподақ қызмет атқарады. Сонымен қатар, ірі өндіріс ошақтарының өз кәсіподақтары да бар. Сайлау науқанында олар еңбек адамының мүддесін қорғау мақсатында өз кандидаттарына дауыс беруге үгіттейді.

Өз тілшіміз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий