Еңбек ер атандырды

Қала әкiмi Ермек Маржықпаев ауыл-елдің ардақты қарияларының бірі, еңбек жолы өнегелі, жас ұрпақтың ақылшысы Сүйіндік Есмағанбетовты 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.

«Ғибрат аларлық саналы ғұмырыңызға, өмірде қол жеткізген жетістіктеріңізге зер салсақ, Көкшетау қаласының гүлденіп-көркеюіне қосқан үлесіңіздің айшықты іздерін байқаймыз. Кешегі тың игеру жылдарында халық шаруашылығын өрге бастыруға қосқан зор үлесіңіз, өңір даңқын шығаруға ат салысқаныңыз үшін Социалистік Еңбек Ері атандыңыз. Сізді Көкше жұрты адал еңбегімен абыройға бөленген, бақытқа кенелген, атақ-даңқы ауданнан әрі асып, облыс, республикаға белгілі болған ер тұлғалы азамат ретінде таниды. Осынау шаттықты күні өзіңізге мықты денсаулық, мұқалмас жігер, темірдей тегеурін, сарқылмас шабыт тілеймін», – деді қала әкімі құттықтау сөзінде. Қарапайым ауыл еңбеккерінің даңқы, табанды еңбегі бүгінгі толқынға үлкен тағылым. Шара барысында Сүйіндік ақсақал жастық шағы мен еткен еңбегі жайлы сыр шертіп, жастарға баянды болашақ тіледі. Өзiне көрсетiлген құрметке риза болған ел ағасы қала әкiмiне жүрекжарды алғысын жеткiздi. Мерейтой иесiн, сондай-ақ, қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Шияп Әлиев құттықтады.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий