Еңбек озаттары құрметтелді

Көкшетауда ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібінің ардагерлері мен қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Социалистік Еңбек Ерлері – Есілбай Қадыралин, Сағила Есенжолова, Валентин Щербаков салтанатты жиынның құрметті қонағы ретінде шақырылды.
«Сіздердің Отанға деген сүйіс-пеншіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіз біздің облысымыздың ғана емес, барлық еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға қомақты үлес қосты. Біз сіздерді мақтан етеміз, құрметтейміз, сіздерден үлгі аламыз», – деді Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өзінің құттықтау сөзінде.
Өңір басшысы ауа райының қолайсыздығына қарамастан диқандар 5 млн тоннадан аса астық жинағанын атап өтті. Ол астық дақылдарының өнімділігі бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізген ұжымдарға алғысын білдірді. Олар – Сандықтау, Зеренді, Шортанды, Жақсы аудандарындағы «Свободное», «Викторовское», «Жакен», «Айбат» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Облыста «Агрофирма «Родина», «Еңбек», «Камышенка», «Есіл Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері сүт өндірісіндегі дәстүрлі көшбасшылар болып табылады. Өңірде өндірілетін жұмыртқаның 70% «Ижевский» ӨК мен «ҚазГерҚұс» ЖШС-нің үлесіне тиесілі. Макинск құс фабрикасын іске қосудың арқасында құс етінің өндірісі 2 есе өсті.
«Ел Президенті Касым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев біздің алдымызға суармалы егістік жерлерін арттыру, пайдаланылмайтын жайылымдарды айналысқа енгізу және органикалық өнімдер өндіру міндеттерін жүктеп отыр. Ол үшін біздің әлеуетіміз жеткілікті. Ауыл тұрғындары еліміздің экономикасын дамытуға лайықты үлес қоса беретініне сенімдімін», – деді өңір басшысы.
Ауыл шаруашылығының үздік қызметкерлері «Еңбек ардагерi», «Ауыл шаруашылығы саласының үздiгi» төсбелгілерімен марапатталды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий