Ең жас үздік мемлекеттік қызметші

  Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев мемлекеттік қызметші күні құрметіне өзінің жас әріптестерін қабылдады. Бұл шараға қалалық әкімдіктің бөлімдері мен басқармаларының жетекшілері және мамандары шақырылды.

Ашық пікір алмасу жағдайында өткен әңгіме барысында жас мемлекеттік қызметшілер өздерінің атқарып отырған жұмыстары жайлы айтты. Арасында облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер жөнінде қала әкімі Ермек Боранбайұлына да сауалдар қойып, мәліметтер алды. Өз тарапынан қала басшысы ағымдағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, болашақтағы іс-жоспарларымен бөлісті. Бірқатар мемлекеттік қызметшілер кәсіби мерекеге орай қала әкімінің қолынан Мақтау грамоталарын алды. Кездесу соңында қала әкімі Ермек Маржықпаев жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтап, жас әрістеріне қоғам мен еліміздің игілігі жолында аянбай еңбек етуге тілектестігін білдірді.

DSC_госслужба

Сол күні «Достар» мәдениет сарайында «Үздік жас мемлекеттік қызметші» конкурсы болды. Оған облыс орталығындағы мемлекеттік органдардан 12 жас маман қатысты. «Тұсаукесер», «Интеллектуалды» және «Шығармашыл» деп аталатын үш кезеңнен тұратын бұл конкурсқа қатысушы жас мамандар өздерінің біліктілігімен, табиғи дарындылық қасиеттерін таныта білді. Сол себепті де төрешілер алқасына жеңімпаздарды анықтау оңайға түскен жоқ. Кімнің бағы жанады жеңіс соныкі дегендей бұл жолы «Үздік жас мемлекеттік қызметші» болып Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айдана Абдина танылды. Жүлделі екінші және үшінші орындарды Көкшетау қаласының ішкі саясат және кәсіпкерлік бөлімдерінің бас мамандары Дамир Іргебаев пен Самат Саниев бөлісті. Конкурсқа қатысушылардың барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталып, жанкүйер әріптестерінің ыстық ықыласына бөленді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс