Ең үлкен тікұшақ жеткізілді

Облыс аумағында өрт қаупі бар кезеңнің басталуына байланысты, сондай-ақ, өңірдің орман қорын өрттен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласынан ауыр, көп мақсатты МИ-26 көлік тікұшағы әкелінді. «МИ-26 тікұшағының көмегімен біз апат орнынан зардап шеккендерді шұғыл эвакуациялай аламыз. Сондай-ақ, автокөлікті, арнайы техниканы, медбригаданы, жанар-жағармайды жеткізу, өрт сөндіру, соның ішінде біршама текше метр су жинайтын штаттық аспалы құрылғыны қолдану арқылы өрттің үлкен ошақтарын сөндіреміз», – деді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында. Ең көп дегенде 3-4 тонна су алатын басқа тікұшақтарға қарағанда МИ-26 өрт ошағына 15 тонна су төге алатынын айта кету керек. Осылайша, тікұшақ борты сегіз гектарға жуық учаскеде жұмыс істейді. Жарық күні өрт шыққан аумаққа 300 тоннаға дейін су шашуы мүмкін. МИ-26 ұшып келіп, Көкшетау қаласына қонды. Қажет кезде құтқарушылар ұшып шығуға және зардап шеккендерге көмек көрсетуге немесе өртті сөндіруге дайын. Ақмола құтқарушыларына тікұшақты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитеті берген. Естеріңізге сала кетейік, МИ-26-әлемдегі ең үлкен сериялық көлік тікұшағы, оның есебінде ондаған әлемдік рекордтар мен орындалған стандартты емес тапсырмалар бар. Тікұшақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюда тамаша құрал ретінде өзін көрсетті.

ТЖД баспасөз қызметі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий