Е.Маржықпаев: «Жаңбыр суы жайсыздық әкелмесін»

Күн қабағы ашылмай, жазғы жаңбырдың толассыз жаууы еліміздің көптеген қалаларында жаяу адам тұрмақ, автокөліктің жүруіне қиындық келтіріп жатқаны рас. Әсіресе, әлеуметтік желілерден қала ішінде қайық мінгендерді, автобустың ішінде су кешкендерді көру қиын емес. Біздің қаламызда дәл ондай жағдайлар орын алған жоқ. Бірақ, жертөлелерге су кіріп, үй астынан су көтеріліп, аялдамалар маңайына су жиналып, қолайсыздықтар орын алғаны рас.

Қала басшысы Е.Маржықпаев табиғаттың осы тосын мінезіне тосқауыл қою жөнінде қаланың коммуналдық қызметі, төтенше жағдайлар, өртке қарсы күрес салаларының, жергілікті полиция, жолаушылар тасымалдау, тағы басқа мекемелер басшыларының қатысуымен шұғыл жиын өткізді. Онда әкім толассыз жаңбырдың тұрғындар тыныс-тіршілігіне қолайсыздықтар әкелмеуі қажеттігі, көмек сұрап хабарласқан тұрғындарға шұғыл көмек ұйымдастырылуы, қауіпсіздіктің қатаң қадағалануы жөнінде тапсырмалар берді. «Жаңбыр кезінде суағарларды, көшелер қиылыстарындағы тұрбаларды, арықтарды тазалау тоқталған жоқ. Сол тынымсыз жұмыстың арқасында біраз келеңсіздіктердің алдын алдық. Енді арықтарды таза ұстау, тазалау одан әрі жалғаса берсін. Жертөлелерде су қалса оларды техника көмегімен төгу тоқталмасын. 19-20 тамыз күндері құрылған шұғыл штаб 500 шалынған қоңырауға жауап берді. 50 техника күндіз-түні жұмыс жасады. 51 000 текше метр су арықтардан өзге арнаға аударылды. Қазір жағдай қалыпқа түсті. Бірақ  қадағалау жалғаса бермек»,
– деген Е.Маржықпаев, қай көшеде, қай тұрғын үйде қолайсыздық болғандығы туралы нақты мәліметтер алып, мамандарға тапсырмалар берді. Мұндай кездерде жергілікті полиция қызметкерлері де қырағылықты арттыруы қажет. М.Горький мен М.Әуезов көшесі қиылысында жол құрылысы жүріп жатқаны белгілі. Бұл уақытша кедергі, кейін бұл жолдың көп көмегі, көлік жүрісіне жеңілдік әкелетіні сөзсіз. Сондықтан, ол қиылыстағы кептеліске түсіністікпен қараған жөн. «Қалай болғанда да жаңбыр суының қала тұрғындарына жайсыздық әкелмеуін жүзеге асыруымыз керек», – деп түйді жиынды қала басшысы.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий