Е.Маржықпаев: «Жеңілдіктер тұрғындарға жете түсіндірілсін»

Көкшетау қаласының әкімі Е.Маржықпаевтың төрағалығымен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылдың алғашқы жарты жылдығын қорытындылауға арналған аппарат мәжілісі болып өтті. Онда қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің жетекшісі Г.Шұқатова мен қаржы бөлімінің басшысы Г.Құсайыновалардың хабарламалары тыңдалып, іс барысы талқыланды.

Жалпы алғанда үстіміздегі жылдың алты айының қортынды көрсеткіштері жаман емес. Негізгі межелер ойдағыдай орындалған. Облыс бойынша алғанда былтырғы осы мерзімде он екінші позициядан көрінсе, биыл сегізінші орында тұр. Алдыңғы бір жылдардағыдай, ірі өндіріс орындары өнімдерінің қоймаларда дағдарып, тұрып қалуы жоқ. «Камаз-Инжиниринг», «Асыл Арман», «Тыныс», «ЕНКИ», «Агример-Астық», «Көкшетау минводы», «Ақсай-нан», «Көкше» сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жарты жылдық жоспарларын асыра орындап отыр. Осындай жалпы көрсеткішке әсері үлкен ұжымдардың өнікті жұмыстары еңсе тіктеуге қол жеткізіп тұр. Көп болмаса да мал өсімі байқалады. Инвестиция тартуда салыстырмалы уақытта 11,5 миллиард теңге болса, қазір 14,0 млрд теңгені құраған. Құрылыс саласында 91,4 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылса, ол салыстырмалы мерзімге қарағанда 1,1 мың шаршы метрге артық. Шағын және орта бизнесті дамыту үнемі назарда. 229 жаңа жұмыс орны ашылған, бұл жылдық жоспардың 36,9 пайызын құрайды.
Қала әкімі хабарламашыларға әр сандар артындағы атқарылып жатқан істерді саралап, түсінік беруді сұрап, қағыс қалған мүмкіндіктер жайын екшеді. Сондай-ақ, Е.Маржықпаев әлі де тұрғындардың үкімет жеңілдіктермен ұсынып отырған бағдарламаларға толыққанды қатынаспай отырғандығын, оның себебі мамандардың тұрғындарға жан-жақты түсіндірмеуінің салдары екендігін айтып, тапсырма берді.
Жиында басқа да салалар басшыларына сауалдар қойылды. Мәселен, жергілікті полиция басшысы С.Зейнуллинге белгіленбеген жерлерге қалдық төгушілерге айып салу, машина тонаушылардың құрықталуы жөнінде сұрақ қойылды. Есепті мерзімде 48 тұрғыннан арыз түскен. Қаламызда автокөліктердің аккумуляторларын ұрлау белең алған. Орын алған қылмыстарды түгел ашуға күш салу керек. Бейнебақылаулар жұмыстары жіті қадағалансын. Ал, жалпы, қылмысты болдырмау, алдын алу мақсатындағы түсіндіру жұмыстары кең ауқымда жүрсін. Қалалық оқу бөлімінің басшысы Б.Жүсіповке мектептердегі жөндеу жұмыстарының барысы, «Көкше-жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестік жетекшісі С.Жуковке қала жылу жүйелерінің қысқы маусымға дайындығы жөнінде, сол сияқты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Жүнісов, құрылыс-сәулет бөлімінің басшысы Е. Әбенов, Красный яр кентінің әкімі Н.Айсиндерге іс барысы туралы сұрақтар қойған қала әкімі оларға нақтылы тапсырмалар берді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий