Е.Маржықпаев: Қала тазалығы қағыс қалмасын

Қала әкімі қалалық мекемелер басшылары, әкімшіліктің бөлім жетекшілерінің қатысуымен шұғыл жиын өткізді. Онда жақында болып өткен Байланыс және ақпарат күні, Қала күні, Ұлттық домбыра күні мерекелерін ойдағыдай өткізуге атсалысқан ұжымдарға алғысын айтты. «Бүгінгі заман талабына сай цифрлық кітапхананың ашылуы тұрғындар үшін үлкен қуаныш болды. Жағажайда көпшілік шара да жақсы көңіл-күй үстінде өтті. Қала күні кешке алаңда болған концерт туралы жақсы пікірлер айтылуда. Елімізде алғаш рет аталған Ұлттық домбыра күні де біраз шаралар ұсынылды. Жалпы алғанда аталған мерекелердің барлығы да ойдағыдай өтті. Бірінен соң бірі келген мерекелерді жоғары деңгейде атап өту үшін көп тер төгу керек болғаны түсінікті. Сол үшін де сіздерге рахмет. Бірақ, бізге жайбарақаттыққа салынуға болмайды. Мысалы, мерекелік көпшілік шаралардан кейін бірден тазалық жұмыстары жүруге тиіс. Ертеңіне жұрт шашылып жатқан қалдықтарды, жиналмаған палаткалар, тағы басқа көмекші жабдықтарды көрмеуі керек. Ондай жағдай кері әсер етеді. Сондықтан, шаралар өткен бойы тазалық жүргізіліп, бәрі орын-орнына қойылуы керек. Бізге сондай жинақылық, ұқыптылық қажет» деп тиісті мекемелерді сынға алған қала басшысы енді келіп қалған Астана қаласының күніне дайындықты пысықтауды тапсырды. Жоспарланған барлық шаралар ойдағыдай өтуге тиіс. «Өйткені, Астана күні мазмұны терең, айшықты мереке!» деп ескертті ол.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий