Е.Маржықпаев: «Қала тазалығы үшін бір кісідей жұмылайық!»

 

 Көкшетау қаласының әкімі Е.Маржықпаев барлық қалалық мекемелер мен ведомстволар басшыларының қатысуымен жиын өткізді. Күн тәртібіндегі мәселе –  қаланың тазалығы, абаттандыру, көркейту  және алда келе жатқан мерекелерді мазмұнды өткізу.

Қар кетіп, ұзаққа созылған қыс қаһары қайтқан шақта қала тазалығын қолға алу жыл сайынғы үрдіс. Күл-қоқыс, шіріген жапырақ, сынған ағаш, әртүрлі қалдықтардың қар астынан шығып, айналаны лас-тай бастайтыны анық. Одан түгел арылып, қаланы гүл жайнатып қою оңайға түспейді. Сондықтан, осы кезеңдегі тазалық жұмыстарына тек арнайы мекемелер ғана емес, қала тұрғындары түгел тартылуы керек. Сонда ғана діттеген мақсатқа жетеміз. Алдағы сенбі күні өтетін сенбілік үлкен ұйымшылдық, жанашырлық жағдайда өтуі керек. Ол үшін барлық мекемелер мен тұрғындар түгел хабарланып, текника, қажетті құрал-жабдық дайын тұруы тиіс. Сыпырылып, жиылған қоқыс сол бойы шығарылып, ағаш түптері ақталып, бітелген суағарлар, арықтар тазалануы қажет.

Екінші мәселе алда келе жатқан мерекелерді салтанатты түрде, мән-мазмұнға толы өткізу. Мұндай мерекелер балалар мен жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге жол ашады. Сол мүмкіндіктерді кеңінен пайдаланып, тәрбие мәселесін алдымен ойлау дұрыс. Көпшілік шараларды өткізу барысында да қала тұрғындарының мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуіміз керек. Қала тұрғындары мәдениетті, патриот болғанда Көкшетаудай көркем қала таза, атына сай болады. Шын мәнісінде еліміздің әр түкпіріне аты таза ауасымен, көркемдігімен мәшһүр қаламыз әрқашан ұқыптылығымен ерекшеленуі керек.

Жиын соңында қала әкімі
Е. Маржықпаев тазалық пен тәртіпке, мәдени-көпшілік шараларды өткізуге жауапты мекемелер басшыларына нақты тапсырмалар берді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий